25.12.2024 жылы «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледж» КМҚК ішінде «Жаңа жылдық оқиға» атты іс-шарасы өткізілді. Жаңа жыл – ерекше мереке. Келесі 2025 жыл Қара Жылан жылы болмақ. Студенттер бастаманы өз қолдарына алып, жатақхана холлын безендірді, әдемі шырша орнатып, оны түрлі ойыншықтармен сәндеді. Бұл әрекеттер олардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік атмосфера сыйлады. Мереке барысында қатысушылар өздерінің әртістік шеберліктерін, жігері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Біздің қыздардың орындауындағы би, өлеңдер мен әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, барлық қалаушылар қатыса алатын көңілді әзіл-қалжың конкурстар өтті. Студенттер мен шара қонақтары шексіз қуаныш пен жағымды көңіл-күй алды. Іс-шара мерекелік дискотекамен аяқталды.


